4-қадам. Шифрлауды таңдау

Шешімдердегі шифрлау терезесі, қорғаныс аумағы ретінде Жұмыс станциялары нұсқасы таңдалса ғана көрсетіледі.

Kaspersky Endpoint Security for Windows бағдарламасы, Windows операциялық жүйесі орнатылған клиент құрылғыларында сақталатын ақпаратты шифрлау аспаптарын қамтиды. Бұл шифрлау құралдарында, 256 биттік немесе 56 биттік кілттің ұзындығымен іске асырылған кеңейтілген шифрлау стандарты (AES) бар.

256 биттік кілт ұзындығы бар дистрибутивті жүктеу және пайдалану қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы керек. Ұйымыңыздың қажеттіліктері үшін жарамды Kaspersky Endpoint Security for Windows дистрибутивін жүктеп алу үшін ұйымыңыздың клиент құрылғылары орналасқан елдің заңнамасын қараңыз.

Жылдам іске қосу шеберінің қадамы – шешімдердегі шифрлау.

Шифрлауды таңдау

Шешімдердегі шифрлау терезесінде келесі шифрлау түрлерінің бірін таңдаңыз:

Бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін іске қоспай-ақ, қажетті шифрлау түрі бар Kaspersky Endpoint Security for Windows дистрибутивін кейінірек таңдауға болады.

Басына оралу